Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" футбол командасы тағы бір ойыншымен қоштасты

Қайрат_ футбол командасы тағы бір ойыншымен қоштастыФото: “Кайрат” ФК

30 қаңтарда алматылық “Қайрат” клубынан Юг Станоев кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматылық “Қайрат” пен румындық “Университатя” сербтік жартылай қорғаушының трансфері бойынша келісімге келді. Юг алматылық клубқа  2024 жылдың жазында қосылып, команданың мынадай жетістіктерге жетуіе үлес қосты: 

  • Қазақстан чемпионатын екі рет жеңіп алды;

  • Қазақстан Суперкубогын ұтты;

  • UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысты.

Барлығы бір жарым жыл ішінде ол 48 ойын өткізіп, 3 гол соққан және 5 ассист жасаған.



“Қайрат” футбол клубы Югқа команда жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта мансабына сәттілік тіледі.

Еске салайық, бұған дейін “Қайрат” футбол клубынан бразилиялық шабуылшы Элдер Сантана кетіп, клубтың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий “Ақтөбе” футбол клубына ауысқан еді. 

STAN.KZ
Сенбі, 31 Қаңтар, 2026 09:29