Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қала ұйықтап жатқанда: Қысқы таңда көшеге бірінші кім шығады

Қала ұйықтап жатқанда_ Қысқы таңында көшеге бірінші кім шығады (1)Фотограф: Жданова Аделина

Биыл Қазақстан қалаларында қыс қатты болды: солтүстік аймақтарда температура бірнеше рет –25°C-қа дейін төмендеді. Мұндай күндері коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Тұрғындар жұмысқа енді жиналып жатқанда техника мен қызметкерлер көшеде, жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды қардан тазалап, мұзды ойып жүреді.

Қалалық көшелердің тазалығына жауапты қызметкерлерді суық күндері қолдау мақсатында Нұрбанк тоғызыншы жыл қатарынан “Жылу сыйлаймыз” науқанын өткізіп келеді. Бұл бастаманың мәні қарапайым: таңертең кофемобильдер коммуналдық қызметкерлер ауысымын бастайтын орындарға шығып, оларға алғыс пен қолдау ретінде ыстық шай мен жаңа піскен бәліштер ұсынады. Биыл науқан Қазақстанның он қаласында өтеді: Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Семей, Петропавл, Павлодар, Өскемен және Орал.

“Коммуналдық қызметкерлердің жұмыс күні өте ерте басталады. Көпшілігі жұмысқа таңғы бестен шығады: осылайша қала қозғалысы басталғанға дейін көшелерді қар мен мұздан тазартып үлгереді. “Таңғы беске қарай біз жұмыста боламыз”, – дейді олар.

Қала ұйықтап жатқанда_ Қысқы таңында көшеге бірінші кім шығады (1)Фотограф: Жданова Аделина

Суықта әңгіме қысқа: қызметкерлер қолдарын қалталарына жасырып, шай ішіп тынығып алады. Сондай үзіліске әдетте, уақыт жетпей қалады. 

Кофемобиль жанындағы аялдамаларда коммуналдық қызметкерлерінің бірі әзілдеп, біреуі үнсіз бас изеп, қолдарынын жылытады. Көпшілігі Нұрбанктың сары-көк логотипі бар машиналарды алыстан таниды.

Кофемобильдің жанына тоқтағандардың бірі – Қойбағар Бақытжан. Ол 11 жылдан бері автобус жүргізушісі болып жұмыс істейді және күн сайын қызметкерлерді Шамалған станциясынан, Қошмамбет және Көлашы ауылдарынан, сондай-ақ Алматы қаласының Бостандық ауданынан түрлі аумақтарға тасымалдайды.

“Біз жұмысты таңғы бесте бастаймыз: алдымен қызметкерлердің барлығын жинаймын, сосын қаланың әр жеріне жеткіземін. Кешкісін, шамамен бес шамасында, адамдарды үйлеріне қайта апарамын. Мен бұл науқанды бірнеше жылдан бері көріп жүрмін және Нұрбанкке қарапайым адамдарды ұмытпай, қолдап отырғаны үшін алғыс айтамын”, – дейді ол.

Қала ұйықтап жатқанда: Қысқы таңында көшеге бірінші кім шығадыФотограф: Жданова Аделина

Кофемобиль кезекті мәрте Алматы көшелеріне шыққанда банк қызметкерлері коммуналдық қызметкерлер Жеңіс Мұратұлы мен Кәміт Майнұрды кездестірді. Қытайда дүниеге келіп, сонда өсіп-өнген олар қазір Қазақстанда тұрып, жұмыс істеп жатыр.

“Мен алты жыл бұрын Қазақстанға көшіп келдім және Ұзынағаш ауылында тұрамын. Автобусқа үлгеру үшін түнгі екіде оянамын. Таңғы бестен күндізгі екіге дейін жұмыс істеймін. Көп жағдайда таңғы асқа үлгермей қаламын, сондықтан осындай сәттерде ыстық шай шынымен көңілді жылытады”, – дейді Жеңіс Мұратұлы.

Кәміт Майнұрдың Қазақстанда тұрып жатқанына шамамен 20 жыл болыпты. Ол өзінің күн тәртібіне үйреніп қалған, сондай-ақ өзінің жұмысын қала өміріне қосқан маңызды үлес деп санайды.

“Біз қаламыз үшін еңбек етеміз. Маған бәрі ұнайды”, – деді ол.

Қала ұйықтап жатқанда_ Қысқы таңында көшеге бірінші кім шығады (1)Фотограф: Жданова Аделина

“Тұрғындар еңбектеріңіз үшін жиі алғыс айта ма?” деген сұраққа жауап ретінде автобус жүргізушісі Қойбағар Бақытжан ерекше есте қалған оқиғасын айтып берді.

“Бірде сіздерге ұқсас жігіттер бізге келіп, үстел жайып, дастарханға ет қойды. Көңілім босап қалды, оларға алғыс айтып, дұға жасадық. Олар біздің қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанымызды түсінетінін айтты. Жалпы көшедегі адамдар жиі алғыс айтады, бұл әрине, жанымызға жайлылық сыйлайды”, – дейді ол.

Басқа қызметкерлер де қала тұрғындарының жиі алғыс білдіретінін айтты. Қызметкерлердің бірі Доспанов Ережеп осыдан бірнеше күн бұрын болған күтпеген жағдай туралы баяндап берді.

“Бірнеше күн бұрын бізге бір жігіт келді. Қолында төрт литрлік бал толы банкілер бар екен. Әрқайсымызға бір-бір балдан беріп, “Істеп жатқан жұмыстарыңыз үшін алғыс” деді. Біз риза болып, шын жүректен алғыс айттық”, – дейді Ережеп.

Қала ұйықтап жатқанда_ Қысқы таңында көшеге бірінші кім шығады (1)Фотограф: Жданова Аделина

Алайда коммуналдық қызметкерлердің жұмысына көңілі толмайтын тұрғындар да кездеседі. 

“Біз ең алдымен аялдама маңын тазалау үшін жұмысты таңғы сегізде бастаймыз. Сирек кездеседі, бірақ кейде адамдар ренжіп “Сіздер неге ерте, мысалы, таңғы алтыда шықпайсыздар?” деп сұрайды. Бірақ бәрін бірден және бір уақытта жасау мүмкін емес қой”, – дейді ол.

Мұндай жағдайларға коммуналдық қызметкерлер үйреніп қалған. Дегенмен олардың еңбегі жиі назардан тыс қалып жатады.

Алматы қаласында коммуналдық қызметте 18 жылдан бері жұмыс істейтін Малика Шуренованың айтуынша, осы уақыт ішінде көптеген жақсы өзгерістер болған. Тұрғындар қазір бұрынғыдан да байқампаз, жауапкершілікпен қарайтын болған.

“Бұрын қоқыс контейнерлері мен қоқыс жәшіктері лас болып жататын. Қазір адамдар контейнерлер мен жәшіктерді жиі пайдаланады. Енді біз қоқыспен емес, қармен, құммен алысамыз”, – деп әзілдейді Малика.

Ол қала тұрғындарының өздеріне деген көзқарасы да өзгергенін атап өтті.

“Кәдімгі қалалық автобусқа отырсақ бізден жолақы алмайды. Ал қатты аяз күндері кейбір жүргізушілер мен кондукторлар бізді өзімен алып кетеді, осылайша біз аздап жылына аламыз. Бұрын автобусқа кіргеніміз үшін бізге ұрысатын. Қазір бәрі басқаша. Тіпті бригадиріміз де ұзақ уақыт суықта тұрмай, 5-10 минут жылынып алыңдар деп ескертеді”, – дейді ол.

Қала ұйықтап жатқанда: Қысқы таңында көшеге бірінші кім шығады

Фотограф: Жданова Аделина

Қатты аязда немесе көшеде омбы қар жатқанда тұрғындардың бізге деген көңілін ерекше жылы қабылдаймыз. Мәселе шай мен бәліште емес, қарапайым адамдықта. Кей адамдар қала тұрғындарының өмірін жайлы етіп, тротуарлар мен көшелерді тазалау үшін басқалардан ерте жұмысқа шығады.

“Жылу сыйлаймыз” науқанының мәні – коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне назар аудару және жиі көзге көріне бермейтін жұмысына алғыс білдіру.

“Жылу сыйлаймыз” науқаны арқылы біз коммуналдық қызметкерлердің қызметіне назар аудартқымыз келеді және олардың ерен еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз. Алғысты сөзбен ғана емес, іс-әрекет арқылы да көрсетуге шақырамыз. Кейде “рахмет” деп айту немесе ыстық сусын ұсыну жеткілікті. Әр тазаланған көше – қолайсыз ауа райында жұмыс істейтін адамдардың еңбегі. Олар тұрғындардың жайлылығы үшін еңбек етеді”, – деп атап өтті Нұрбанк өкілдері.

“Жылу сыйлаймыз” науқаны – көңіл мен қолдау шарасы. Ол аяздағы жұмысты жеңілдетпейді, бірақ қызметкерлерге қоғам тарапынан көрсетілген алғыс пен қамқорлықты білдіреді. Қыста мұндай қолдау бір шыны ыстық шаймен тең.

“Нұрбанк” АҚ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.15/193 лицензиясына ие.

Жарнама құқығында

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 10:06