Головкин мен Роллстың жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды
Маусымның 8-інен 9-ына қараған түні Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллстың жекпе-жегі өтеді.

Madison Square аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы Головкин мен Роллстың жекпе-жегі болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл шоудың андеркарды нақты құрылған жоқ. Алайда бокс кешінің Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 03:00-де басталатыны белгілі.
Айта кетсек, аталған бокс кешінде қазақстандық Данияр Елеусінов те жекпе-жекке шығады деп күтілуде.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты