Головкин 10 желтоқсанға белгіленген Джейкобспен болатын жекпе-жектен бас тартты
WBA, IBF, IBO және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 10 желтоқсанда болатын жекпе-жекке қатыспайтын болды.
Бұған дейін қазақстандық 10 желтоқсан күні WBA тұрақты чемпионы Дэниэл Джейкобспен кездесуді жоспарлаған еді.
Әбден саудаласқан Головкин мен Джейкобстың командасы ақыры бітімге келе алмаған. Осыған байланысты қазақстандық алдын-ала белгіленіп қойылған телеарнаның мерзімінен де бас тартуға мәжбүр болды. Бұл ретте жекпе-жек 2017 жылға ауыстырылуы мүмкін. Ол ақпан немесе наурыз айында болады деп болжануда.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”