Еркін күрестен Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
Токио Олимпиадасында еркін күрес бойынша Нұрислам Санаев қарсыласын тізе бүктірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токио Олимпиадасында еркін күрес бойынша сайыстар басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуандар кілемге шықты. Қазақстан құрамасынан Нұрислам Санаев алғашқы кездесуін Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноға қарсы өткізді. Тартысты кездесу 7:0 есебімен отандасымыз Нұрислам Санаевтың еншісіне шешілді.
1/8 финалды сәтті аяқтаған Нұрислам Санаев ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен кездеседі.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен