Екі дүркін Азия чемпионы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл жауапты қызметке тәжірибелі балуан, халықаралық жарыстардың жүлдегері Данияр Қайсанов келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол – 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Сонымен қатар Қайсанов Азия құрлығында екі мәрте чемпион атанып, 2018 жылғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген. Сонымен қатар Данияр Қайсанов 2020 жылы Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған.
Енді ұлттық құраманың алғашқы оқу-жаттығу жиындары ақпан айының басында Алматы облысында ұйымдастырылады. Аталған кезеңде бапкерлер құрамының толық тізімі ресми түрде жарияланбақ.
Айта кетейік, Данияр Қайсанов 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтану" бағыты бойынша бітірген.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты