Дүниежүзілік каратэ федерациясы әйгілі актер Джеки Чанға қара белбеу табыстады

Атақты актер Джеки Чан каратэден қара белбеу иегері атанды. Қара белбеуді тапсыру рәсімі Нью-Йоркте (АҚШ) "Karate Kid: Legends" фильмінің премьерасы кезінде өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Джеки Чаннан бөлек, мұндай белбеу осы фильмге түскен тағы бір актер Ральф Маччиоға да табыс етілді. Қара белбеуді Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) бас хатшысы Тошихиса Нагура салтанатты жағдайда табыс етті.
"Каратэ бүкіл әлем бойынша поп-мәдениет пен қауымдастықтар арасында кең танымал. Ол бүкіл әлемдегі адамдарға белгілі жаһандық бренд. Каратэнің таңғажайып құндылықтарын "Karate Kid" фильмінен артық бере алғандар кемде-кем", – деп мәлімдеді Дүниежүзілік каратэ федерациясының президенті Антонио Эспинос.
Джеки Чан – акробатикалық жекпе-жек стилімен және комедиялық қабілетімен танылған әлемдегі ең атақты актерлердің бірі.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"

