Даудан кейін қызметінен кеткен Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Серік Сәпиевтің орнына уақытша басшы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Енді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын уақытша Қарағанды қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі Берік Досымбеков басқарады.
Бұған дейін аталған қызметті Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атқарған. Алайда ол өз орынбасары самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімхановпен болған даудан кейін қызметінен кеткен еді.
Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, кеңінен талқыланды. Кейіннен қос лауазымды тұлғаның да өз еркімен қызметтен кеткені белгілі болды.
Басы дауға қалған Серік Сапиев жаңа қызметке тағайындалды
Ешқандай жазаға тартылмайды – Серік Сапиев пен оның орынбасарына қатысты дауға нүкте қойылды
Айта кетейік, дереккөздердің мәліметінше, Берік Досымбеков өңірдің спорт саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол бұл секторды он жылдан астам уақыт басқарған, ұйымдастырушылық және басқарушылық тәжірибесі мол маман ретінде танылған.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр