Абат Айымбетов ресми түрде Румыния клубына ауысты

Ұзақ уақыттан бері алаңға шықпаған қазақстандық футболшы Абат Айымбетов ресми түрде Румыния клубына ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Румынияның Petrolul Ploiești клубымен келісімшартқа отырды.
30 жастағы форвард жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды. Қазақстандық шабуылшының трансферлік құны шамамен 400 мың еуроға бағаланып отыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда "Петролул" Румыния чемпионатының турнирлік кестесінде 12-сатыда келеді. Соған қарамастан, клуб тарихында үш мәрте ел чемпионы атанып, Румыния Кубогын жеңіп алған.
Айымбетов бұған дейін Түркия Суперлигасында өнер көрсететін Adana Demirspor сапында бір маусымнан астам ойнап, 37 матчқа қатысып, 6 гол соққан. Оған дейін ол "Қайрат", "Астана" және "Ақтөбе" командаларында доп тепті. Қазақстанда үш мәрте ел чемпионы атанып, Қазақстан Кубогын жеңіп алған.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді