Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

52 жастағы сноубордшы Олимпиаданың финалына жолдама алды

52 жастағы сноубордшы Олимпиаданың финалына жолдама алдыФото:Olympic.com

Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындарында тағы бір ерекше оқиға тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Австриялық 52 жастағы сноубордшы Клаудия Риглер параллельді гигант слалом сайысының финалына жолдаманы қанжығасына байлады.

Тәжірибелі спортшы әуелі іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, кейін плей-офф бәсекелерінде де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде 1 минут 35,43 секунд көрсеткішімен 16-орынға тұрақтап, Олимпиаданың 1/8 финалына жолдама жеңіп алды.


Италиялық спортшы туған күнінде Олимпиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты


Айта кетейік, Клаудия Риглер 2015 жылы 45 жасында Крайшбергте өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ оның еншісінде әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлделері бар.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 11:18