Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

29 жастағы шаңғышы 9 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Йоханнес КлебоФото:Olympic.com

Йоханнес Клебо Норвегиялық атақты шаңғышы Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи межені бағындырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

29 жастағы спортшы эстафета жарысында жеңіске жетіп, Олимпиада ойындарының 9 дүркін чемпионы атанды.

Бұл көрсеткіш қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы рекордтық нәтиже саналады.

Эстафетадағы бұл медаль – оның осы Олимпиададағы төртінші алтыны. Ол бұған дейін скиатлон, спринт және жеке жарыста топ жарған.

Клебо 2018 жылы Пхёнчхан қысқы Олимпиадасы ойындарында 3 алтын, 2022 жылы Бейжің қысқы Олимпиада жарысында 2 алтын жеңіп алды. Ал Миланда өтіп жатқан Олимпиадада 4 алтын медаль иеленіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін қысқы Олимпиада тарихында ең көп алтын медаль алған норвегиялық спортшы – Марит Бьорген. Оның еншісінде 8 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль бар.

Сондай-ақ норвегиялық шаңғышы Бьорн Дэли 8 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алған. Ал Оле Эйнар Бьорндален қоржынында 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль бар.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 21:30