Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді
Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақының көлемі белгілі болды
Бұл туралы Life.ru хабарлайды.
Ақырында “Прессбол” газетінің журналисті Вячеслав Федоренков өзі жұмыс істейтін газет нөмірін толықтай жеп қоюға мәжбүр болды.
Құрлықтық хоккей лигасындағы 59 ойыннан кейін “Динамо” турнир кестесінде бесінші орынға шықты. Осы нәтижесі арқылы ол кубоктық сегіздікке еркін ене алады. Ал журналистің пікірін ұмытпаған команданың баспасөз қызметі оны “Динамо-Тв-Шоуға” шақырып, газетті жеуді ұсынды.
Бапкерлер журналисті келеке етпес үшін, оған эфир кезінде газет пішініндегі торт ұсынған. Алайда Федоренков тәттіден дәм татқаннан кейін, оның “өте дәмді, бірақ әділ емес” екенін айтыпты. Осыдан соң ол уәдесінде тұрып, бір жыл бұрын шыққан газетті қалайда жеу керектігін мәлімдейді. Және 16 ақпан күні “Динамо”-“Нефтехимик” матчынан кейін ол сол уәдесін орындаған.
Оқи отырыңыз: