Спорт министрі қазақстандық клубтың қымбат шетелдік футболшыларды сатып алуына байланысты сынға жауап берді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов отандық футбол клубтарының қымбат шетелдік ойыншыларды сатып алуына байланысты сындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарата агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, қазіргі заңнама бойынша мемлекеттік қаржы легионерлерді қаржыландыруға жұмсалмайды. Бюджет қаражаты тек қазақстандық спортшыларды қолдауға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады.
"Егер клуб легионерді демеушілердің немесе жеке қаражат есебінен шақырса, бұл – олардың құқығы. Біз жеке қаражатты қалай жұмсау керектігін шектей алмаймыз. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бар", – деді Ербол Мырзабосынов.
Сонымен қатар министрдің сөзінше, қазірдің өзінде бес футбол клубы жекешелендірілген.
Енді тағы бес клубты жекешелендіру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалған жеті клуб бойынша әкімдіктер, бизнес және министрлік бірлескен жоспар әзірлеуде. Негізгі мақсат – клубтарды бюджетке тәуелділіктен біртіндеп шығару.
Министрдің сөзіне сәйкес клубтар алатын мемлекеттік қаржы тек балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға жұмсалады.
"Заң бойынша мемлекеттік қаражаттан легионерлерге жалақы төлеуге қатаң тыйым салынған", – деді министр.
Қазақстандағы 14 футбол клубының бесеуі жекенің қолына өтті
Қазақстанда барлық футбол клубы жекенің қолына берілмек
Айта кетейік, осыдан бірнеше күні бұрын “Қайсар” сенсациялық трансфер жасады. Қызылордалық команда 35 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Виктор Мозесті өз құрамына қосты.
Ал "Ақтөбе" клубы кәсіби мансабын аяқтаған атақты Луиш Нани “Ақтөбе” сапына ресми түрде қосылатынын хабарлады.
Дәріхананың чегі арқылы біліп қойған: Желіде қазақстандық әйелдер күйеулерінің опасыздығын қалай әшкерелегенін айтты