Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөзінің ұйқасын таппай қалдық": Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровтың әйелі оқырмандарының сұрағына жауап берді

Боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы Әнару Құрманәліні зорлады деген ақпаратқа спортшының әйелі сенбейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Блогер Клара Иса – спортшының сегіз жылдан бері заңды некедегі әйелі. Ол жеке парақшасында трендке қатысты видеосын жүктеп, ер мен әйелдің бір-бірлеріне жиі қоятын сұрақтарын тізді. 

“8 жылда күніне 1045 рет қоятын сұрақтарыма автоматты түрде жауап айтатын болған. “Жан деп бастасам болды: “Мен сені жақсы көремін, сенен ажыраспаймын, сен өліп қалсаң, басқа ешкімге үйленбеймін” деп айтады. Ең жиі қоятын сұрақтарыңыз қандай? Жігіттеріңізге жіберіп отырыңыздар”, – деп жазды блогер келіншек. 



Желі қолданушылары видеоның астына қоғамды шулатқан бойжеткен қыздың мәселесін жарыса жазып жатыр. 

“Өмірде ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі. Сіздей қызды не үшін айырбастаған?” деген сұраққа блогер де үнсіз қалмады.

“Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз енді. Ең болмаса сөзінің ұйқасын таппай қалдық қой”, – деп жауап берді Клара Иса. 

Еске салайық, "Қызыңды жеті жыл ойыншық етсе көрер едім" деп журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Жанқош Тұраровтың әйелін сынағанын жазған едік. 

 

Талқылау