"Қай бетімді жыртайын": Мерует Түсіпбаева Сайрагүл Сауытбай туралы
Меруерт Түсіпбаеваның отандасымызға деген мейірімділігі жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева желідегі парақшасында отандасымыз Сайрагүл Сауытбайға Швеция босқын мәртебесін бергені туралы өкінішпен жазды. Қазақтың қызын паналата алмадық деп реніш білдірді өнер иесі.
"Тар заман, зар заман, қу заман. Өкінішті. Қай бетімді жыртайын. "Қазағым" деп пана іздеген қызына пана бола алмаған ағайынға не айтам. Кеше ғана, Павлодарда концертте жүргенімде, маған алғыс айтып, жіберген аудиоңдағы сөздің астары менімен қоштасу екенін ұқпадым мен. Жаным-ау, бала-шағаңның жанында, қайда жүрсең де, аман-есен жүрші", - дейді Меруерт Түсіпбаева.
Жазбаны көрген жұрт таңданысын жасырмады. Меруер Түсіпбаеваның мейірімділігіне тәнті болған желідегілер жағымды пікір білдіріп, қолдау көрсетіп жатты.
Талқылау
Қазақстанға ЛГБТ насихатына тыйым қажет пе? Депутаттар мен белсенділердің пікірін тыңдадық
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді