Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сөйлеу мүмкіндігінен айырылған 94 жастағы миллиардер қол астындағыларды IPAD арқылы басқарып отыр

94 жастағы миллиардер Сумнер Редстоун аурудың салдарынан сөйлеу мүмкіндігінен айырылды. Бірақ ол бұл қиындықтан шығатын оңай жол тауып алды. iPad-дағы сөз тіркестерінің жиынтығы миллиардерге қол астындағылармен сөйлесуге көмектеседі.

Бұл туралы Wall Street Journal-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Viacom конгломератына ие медиа магнатында тек бірнеше бір буынды сөйлемдер ғана бар. Оның гаджетіндегі жылдам қызметте «Иә», «Жоқ» және «Кетшей бар …» деген тіркестер орнатылған.

Қазіргі уақытта Viacom корпорациясын CBS корпорациясымен біріктіру мәселесі талқылануда. Редстоун осы электронды көмекшіні қолданғаны белгісіз.

2016 жылы Лос-Анджелес соты Редстонды психиатриялық тексеруден өтуге жіберді. Бұл американдықтың бұрынғы ғашығы Мануэла Херзер оның қабілетсіз екенін мәлімдеген соң соң жасалған болатын.

Редстонды MTV Networks кабельдік және спутниктік теледидар желілерін қамтитын Viacom медиа компаниясының басқарма төрағасы.  Сондай-ақ, ол «National Amusements» кинотеатрының операторын басқарады. 94 жастағы миллиардер CBS және Paramount бақылау пакеттеріне ие. Кәсіпкердің жағдайы 5,1 млрд долларға бағаланып отыр.

Оқи отырыңыз:

22 жастағы қыз ешкісін жемекші болған жолбарыспен айқасып, оған шабуылдаған

Елуге келсе де 20 жастағы қыздай жас көрінетін әйел желіні жарды

Зейнеткер 104 жасқа толған туған күнінде «тезірек өлуді» тілеген

Балабақша тәрбиешілері ұйықтап жатқан балаларды көтеріп алып, еденге лақтырған

Талқылау