Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери қызметкерлерге үйін салғызған төтенше жағдайлар экс-вице министрін сот босатып жіберді

Сот төтенше жағдайлар экс-вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевты бостандыққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖМ

Апелляцияда өкілеттігін асыра пайдаланды деп сотталған төтенше жағдайлар министрлігі басшысының бұрынғы орынбасары Ибрагим Күлшімбаевтың үкімі өзгертілді. Оған Қарағандыда әскери қызметкерлерді ұлына үй салуға мәжбүрледі деген айып тағылды.

Бүгін Астана әскери соты бұрынғы генерал-майордың әрекетін "билігін қолдану" дегеннен "қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" санатына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Күлшімбаевтың үкімі өзгертілді. Енді оған бас бостандығынан айыру емес шектеу беріледі. Судьялар алқасы бұрынғы жоғары лауазымды шенеунікті бірден сот залында қамаудан босату туралы шешім қабылдады.

"Сот алқасы шешім қабылдады: Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты Ақмола гарнизоны әскери сотының 6 тамыздағы үкімі өзгертілсін. Күлшімбаевтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 450-бабының 1-бөлігімен қайта сараланып, оған жазаны өтеудің бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады. Ол осы мезетте жазасы жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі жұмыстарға тартылуы тиіс”, – деп мәлімдеді сот.

Алайда апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың Күлшімбаевтың кінәсі толық дәлелденгенімен келіскен.

Талқылау