Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов бостандыққа шығатын болды
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметвов 21 қыркүйекте бостандыққа шығады. Сотталған шенеунік 10 жылдың екі жылын түрмеде өткізді.
Кеше осы іске қатысты жабық сот отырысы өтті, деп хабарлайды 31 арна.
Әзірге ресми мәлімет тараған жоқ. Бұған дейін Серік Ахметов өтелмеген жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды өтінген еді.
Айта кетейік, Серік Ахметов “заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты” және “өкілетін асыра қолданды” деп айыпталып, 10 жылға сотталды. Кейіннен апелляциялық шағымнан соң жаза жеңілдетіліп8 жылға қысқарды. Тағы да рақымшылыққа ілігіп, жаза мерзімі 1 жыл 7 айға қысқартылған еді.
Енді сот Ахметовтің арызын қанағаттандырып, қалған 4 жыл 26 күн өтеу жазасын бас бостандығын шектеумен алмастырды. Болжам бойныша, Ахметов бостандыққа шығады. Алайда елден, қаладан сыртқа шыға алмайды. Оған полицей бөлімшесінде тіркеліп тұруға тура келеді.
Тағы да оқыңыз:
Назарбаев: Адамдар маған хат жаза бергенді доғарып, сотқа сенулері керек
Елбасы қазақ билігіндегі өзекті мәселені ашық айтты: Мүмкін бұл менің кінәм шығар