Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сотта Жанәбіловтердің ұтысын "лохотрон" деп атады

жалғанФото: видеодан скрин

Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі Әбдел Балтатегі сотта блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ұтыс ойынын "жалған" деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысында Комитет өкілі Асылбек Мұстафаев блогерлер қызметінің ашықтығына күмән келтірді.

"Үлкен күмән туғызады. Бұл жерде тіпті алаяқтық белгілері де бар", – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар комитеттің тағы бір өкілі – Әбдел Балтатегі блогерлер өткізетін ұтыстарда нақты ережелер мен жеңімпаздарды таңдаудың ашық тетігі болмағанын айтты.

"Жеңімпазды анықтауда ашықтық жоқ. Ешбір жерде бағдарламаның алгоритмі жазылмаған, жеңімпаз қалай таңдалады, 5 мың көлемінде жұбаныш сыйлығын алушы қалай таңдалады, айфонды жеңіп алған адам қалай анықталады – бұның барлығы жоқ", – деді шенеунік.

Комитет өкілінің айтуынша, ұтыс ойыны тікелей эфирде арнайы жабдық – лототрондарды пайдалану арқылы өткізілуге тиіс еді.

"Шын мәнінде бұл тікелей эфирде лототрондарды жабдықтау арқылы жүргізілуі тиіс еді. Ал бұл тәуліктің кез келген уақытында жасалады. Оған (пайдаланушыға – ред.) тек курстарды төлеу ғана керек. Сол сәтте ол деректерді басуға мүмкіндік алады, кешірім сұраймын, бұл алаяқтық", – деп түйіндеді комитет өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін сотта блогер Ерболат Жанәбіловтің әйеліне қандай айып тағылғаны айтылды.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 13:32
Талқылау