Сот отырысында төреші Руслан Күлекбаевты орнынан тұрғыза алмады
Бүгін Алматыдағы тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Ерлан Болатовтың айыпталушыларға орнынан тұрып, жауап беру қажет деген талабына айыпталушы Руслан Күлекбаев бағынбады.
Бұлтуралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Күлекбаев орныңыздан тұрыңыз!», деген судья Ерлан Болатовтың талабына Күлекбаев бағынбады. Бірнеше рет айтып орнынан тұрғыза алмаған судья ақыры себебін сұрауға мәжбүр болды.
Ішін көрсетіп Күлекбаев: «тұрсам, ауырады!», деп жауап берді.
Бұған судья келісті.
Айта кетейік, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Күлекбаевқа қатысты қылмыстық істі аталған сот судьясы Ерлан Болатов жүргізіп жатыр. Күлекбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр. Бұған дейін хабарланғандай, тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді. 2016 жылдың 12 қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық іс сотқа жолданды. Күлекбаевқа 8 құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерін және 2 бейбіт тұрғынды өлтірді, террорлық акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар, ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.
Нақтырақ айтқанда, айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-бап 4-тармақ (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-бап 4-тармақ (заңсыз қару тасымалдау), 288-бап 2-тармақ (қаруды заңсыз жасау), 291-бап 4-тармақ (қару ұрлау), 200-бап 4-тармақ (көлік ұрлау), 126-бап 2-тармақ (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сондай-ақ, Р.Күлекбаевпен бірге сотқа атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, дайындап, Р.Күлекбаевпен бірге М. атты кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов, Н.Әбдімомын да сот залында.
Бұған дейін атыста қаза тапқандардың аналары Күлекбаевқа ату жазасын талап етіп жатқаны, Руслан Күлекбаевтың көпшілікке беймәлім қырлары туралы да ақпарат жарияланған еді. Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.
Жіберіп алмаңыз:
Қаза тапқан полицейдің анасы Күлекбаевтың әйелінің бетіне түкірді (видео)
АҚШ-та әйел сәбилі болатынын босанардан жарты сағат бұрын білген
Ғалымдар сәтті жыныстық қатынастың қанша уақытқа созылатынын айтты
Қайрат Нұртас қазақстандық “Голос” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)