Сот Маңғыстау облысының әкімін некесіз туған баланың әкесі деп танып, алимент төлеуге міндеттеді
Коллаж Stan.kz
Сот Маңғыстау облысының әкімін некесіз туған баланың әкесі деп танып, алимент төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маңғыстауда бірнеше ай бойы аймақты дүр сілкіндірген даулы іске нүкте қойылды. Облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбай ресми түрде бұрынғы мәслихат депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі болып танылды.
Сот барысы бүкіл елдің көз алдында өрбіді. Экс-депутат Ынташ Наурызова әлеуметтік желілерде ашық түрде оқиғаның егжей-тегжейін бөлісіп, үш жасар ұлы Әміре Наурыздың облыс басшысынан туғанын айтқан. Оның сөзінше, Қилыбаймен араларында романтикалық қарым-қатынас болған, бірақ бала дүниеге келгеннен кейін шенеунік өмірінен ғайып болған. Ал облыс әкім әйелдің мәлімдемелерін жоққа шығарып, баланың өзіне қатысы жоқ екенін айтқан.
Бүгін кәмелетке толмағандарға арналған сот даулы мәселенің нүктесін қойды. Сот облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбай ресми түрде баланың әкесі деп танылып, баласы кәмелетке толғанға дейін ай сайынғы жалақысының төрттен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге міндеттелді.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлы бар екені туралы қауесетке жауап берген еді.

АҚШ-та ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы хал үстінде жатыр: Ағасы емге 270 миллион теңге қажет екенін айтты
