Сот "Қызылжар" клубының экс-бапкері Әли Әлиевтің жалақысы заңсыз жоғары болғанын растады
Фото: QFL.KZ
Футболдан "Қызылжар" клубының басшылығы бұрынғы бас бапкері Әли Әлиевке қарсы сот ісін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Себеп – жаттықтырушыға екі есе емес, он есе жоғары жалақы бекітілген қосымша еңбек шарты. Сот Алиевпен 2024 жылдың 3 қаңтарында жасалған келісімді жарамсыз деп таныды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, бастапқы келісімшарт 6,5 миллион теңге жалақыны қарастырған және ол Қазақстан футбол федерациясы мен QFL-де тіркелген. Алайда, клубтың бұрынғы президенті Григорий Лорияның бастамасымен кейін 10 миллион теңге көлеміндегі жаңа шарт жасалған, бірақ ол заңды түрде тіркелмеген және бірінші келісімшарт та бұзылмаған. Бұл еңбек заңнамасына қайшы, себебі бір уақытта екі келісімшартпен жұмыс істеуге болмайды.
Клубтағы қаржылық тексеріс барысында басқа да заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, бухгалтерлік есеп дұрыс жүргізілмеген, ал салық пен әлеуметтік қорлар алдында 337 миллион теңге көлемінде қарыз жиналған.
Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бұған дейін "Қызылжар" ФК лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
Айта кетейік, Әли Әлиев 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін уақытша атқаруда. Ол бұл қызметке Станислав Черчесовтің орнына келген.

Жапониядағы қазақ дәстүрі: Сырға салудың видеосы желідегілерді таңқалдырды
