Соңғы жігер: өлім аузында жатқан америкалықтың суреті желіде неге танымал болды?
Өлім аузында жатқан қарт адамның жақындарының арасында сыра ішіп түскен фотосы желіде тез тарап кетті, деп жазады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті BBC басылымына сілтеме жасап.

87 жастағы Норберт Шимм өмірінің соңғы сәтін жақындарының ортасында өткізген - 3 ұлы мен келіндері, немересі Адам (суретке түсірген)
Висконсин штатының 87 жастағы тұрғыны Норберт Шемм өлім сағаты жақындап қалғанын сезген соң, сүйікті сусыны сыраны сұратып жақындарының ортасында болуды өтінген. Уақытты көңілді өткізген қария мен туыстары естелік фотоға түседі. Бірнеше сағаттан соң қария жан тапсырады.
Ал суретті өз твиттерінде жариялаған қарияның немересі Адам Шемм ол посты мыңдаған лайк жинайды деп ойламаған. Суретке аз уақыттың ішінде 300 мың лайк басылып, 10 мың ретвит жасалды. Немересі "атам өмірден өтті, оның соңғы қалауы ұлдарының басын қосып, сүйікті сырасын үшу еді" деп жазба қалдырған.

«Атамның денсаулығы ешқашан сыр бермеген. Өткен жексені күні дәрігерлер бар жағдайды түсіндіріп, уақыты келгенін айтты. Дүйсенбі бәрімізді жинап алып, ауру жайлы ашық айтты. Сейсенбі күні жиналып фотоға түстік, ал келесі күні атам қатерлі ісіктен қайтыс болды», - деді Адам.
Сондай-ақ, Адамның айтуынша, дәл осы фотоның арқасында орны ойсырап қалған атамыздың қазасын жеңіл қабылдауға мүмкіндік берді әрі өмірінің соңғы сәтінде барлық туыстарының оның жанында болғанына риза.
Адам Шеммның жариялаған фотосына жауап ретінде желі қолданушылары өз бастарынан өткен осындай оқиғаларды жариялай бастады. Альцгеймер ауруына шалдыққан атасының фотосын жариялаған Бен Риггздің айтуынша, өлім айтып келмейді, одан қаша алмаймыз, бірақ соңғы сәтіңді ерекше өткізген абзал.
Жалпы бұндай суреттің не үшін тез тарап кеткендігіне қатысты «Хорошая смерть» кітабының авторы Энн Ньюман өз пікірін білдірді: «Жүрегінің түкпірінде адам баласы қиын-қыстау жағдайда әуелі өз жақындарының жанынан табылғысы келеді. Сол себепті де адамдар Шемм отбасының осы бір қиын сәтінде оларға қолдау білдіргісі келді. Яғни, олардың қайғысына ортақтаса отырып, өзіміздің жақындарымыз туралы, ауырып-сырқап жүрген, қартайып бара жатқан туыстарымыз туралы да ойлап кетеміз. Көп адамдар бейсаналы түрде өмірден өтеді. Жақындарымызбен қоштаспай жатып, өліп кетуден қорқамыз. Суретке қатысты мыңдаған лайк пен осындай реакцияның болуының тағы бір себебі осы», - деді ол.
Америка хоспистер қорының психологы, өлім және қасірет бойынша Халықаралық жұмысшы тобының бұрынғы басшысы дәрігер Кеннет Док туысқанның өлім сағаты жақындағанда нақты қандай іс-әрекет жасауға болатындығы белгісіз екенін айтты. «Бастысы олардың айтқанын мұқият тыңдап, өмірінің соңғы сәтін қалай өткізгісі келеді – соған барынша жағдай жаасау керек», - деді маман.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды