Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сондерс: Головкинді өз елінде “масқара” етуге дайынмын

Бүкіләлемдік бокс ұйымы белбеуінің иегері, британиялық боксшы Билли Сондерс Қазақстанға келіп, Головкинді “масқара” етуге уәде берді.

Безымянный

Бұл туралы IFL TV телеарнасы хабарлады.

“Головкин үлкейіп қалды, оның жасы 35-те. Ол да қарапайым адам екенін көрсетті. Оның арманы – менімен бокстасу. Мен оны туған елінде масқара етемін”, – деді Сондерс.

Головкин қазіргі таңда бес чемпиондық белбеудің төртеуінің (WBA, IBF, WBC және IBO) иегері. Ол орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атану үшін бес тұжырымның да белбеуін толыққанды иеленуі тиіс. Ол үшін GGG Сондерспен жекпе-жекке шығуы тиіс. Ал британиялық болса Генамен “Астанада болса да, басқа жерде болса да” шығуға тас-түйін дайын екенін мәлімдеп үлгерді.

“Мен Твиттер арқылы Том Леффлермен (Головкиннің промоутері) сөйлестім. Ол келісім-шарттың өткен аптада дайын болғанын айтты. Мен де бұл жекпе-жекті Қазақстанда өткізуге келістім”, – дейді британиялық.

“Көбісі бұл жекпе-жекте менің қалай нокаутқа түскенімді көргісі келеді. Бірақ, өзімнің қаншалықты мықты екенімді көрсетемін. Қазір жаттығып жатырмын. Егер апта соңына дейін келісім-шарт дайын болмаса, онда мен басқа бағытпен кетемін. Бизнестің аты бизнес. Мен бұрын жекпе-жекке келіспегенмін, өйткені олардың ұсынысы ақылға сыймады. Қазір бәрі өзгеріп, ұсыныстары біраз жақсарған. Бірақ, менде көп күткім келмейді. Және Головкинге дейін де ешқандай аралық кездесу болмайды. Қәне, мұны жүзеге асырайық”, – деп атап өтті Сондерс.

Қазіргі таңда Головкиннің еншісінде 37 жекпе-жек, 37 жеңіс бар. Оның 33-ін нокаутпен жеңген.

Талқылау