Сондерс: Головкин допинг қабылдайды
Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) Геннадий Головкиннің допинг қабылдайтынына емеурін жасады.
«Головкиннің соңғы жекпе-жегін алып қарайықшы, сонда ол мықты Головкин бола алмады, екі-үш жыл бұрын болған күшін көрсете алмады. Ол қартайды, қимылы да баяулай бастады. Сол жекпе-жектің алдында бес бірдей допинг-тесттен өтті. Сол себепті өзінің толық қарым-қабілетін көрсете алмады. Бұған дейін қанша адамды нокаутқа түсірді. Қарсыласын бастан ұрып құлатты. Сонда өзінің қолы сынған да жоқ. Өзі де қаншама соққыны қабылдап, қыңқ етпеді. Ал Джейкобспен болған кездесуде қарапайым адам болып шықты. Бұл әділ жекпе-жек болды. Меніңше, Американың боксшылары көп стероидтарды қабылдайды. Енді, ол – менің жеке пікірім», – дейді Сондерс.
8 шілдеде ұлыбританиялық боксшы өзінің WBO белбеуін қорғамақшы. Осы жекпе-жектен кейін ол Головкинмен, я болмаса, Альвареспен кездесуді қалайды. Ол жайында ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен де айтып отыр. GGG-дің промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкин соңғы белбеуді жеңіп, абсолюттік чемпион атанғанды қалайды.
Тағы да оқыңыз:
Головкиннің егізі онымен ұқсастығы туралы айтып берді (фото)
Таразда Головкиннің құрметіне ашылған дүкен бар
Головкин-Альварес: 16 қыркүйек қарсаңында білуіңіз керек 5 нәрсе