Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сондай қиын кезең болды": Ернар Айдар сынып жетекшісінің өзіне ренжіп жүргенін айтты

25 мамыр – соңғы қоңырау. Бұл күні талай түлек он бір жыл білім нәрімен сусындаған мектебімен қоштасып, бала шақтан болашаққа қадам басса,  отандық шоу-бизнес өкілдері үшін де ерекше ностальгияға бөленер сәт. Ал, кезінде бір партада қатар отырған оқушылардың қазіргі қарым-қатынасы қалай? Осы орайда Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі қазақ эстрадасының жұлдыздары арасында арнайы сауалнама жүргізіп көрген-ді!

Мәселен, 2008-дің мамырында мектепті аяқтаған Ернар Айдар үшін бұл тақырып өте ауыр. Сол уақыттан бері әнші қатарластарымен араласпаған. Тіпті сынып жеткішісі де өнерде жүрген шәкіртіне қатты ренжулі көрінеді. Былтыр 10 жылдық кездесуде бас қоспақ болғанымен, хитмен бар алмаған.

«Шынымды айтсам сыныптастармен кездеспедік. Себебі бәріміз жан-жаққа кеттік. Әркім әр жаққа топ-топпен кеттік. Көрген жерде амандасып тұрамын. 2017 жылы жол апатына түсіп, ішкі жан-дүниемде дағдарыс болды ғой. Аяққа тұрып алғанша сондай қиын кезең болды. Мен сынып жетекшімнен, яғни Айгүл әпкеден кешірім сұраймын. 10 жылдықта іздеп бір бара алмадым. Алла қаласа өзімнің ниетім бар. Сол мектебіме барып, керемет бір кездесу өткізгім келіп жүр», - дейді Ернар Айдар.

Бағлан Әбдірайымовтың да сыныптастарымен арадағы байланысы Ернардың жауабына ұқсас. «Жігіттер» тобының белді мүшесі осыдан 18 жыл бұрын мектебімен де, қатарластырмен де қарым-қатынасын үзген.

«Осы күнге дейін 10 жылдық кездесуді атап өтеміз деген кезде, мен бара алмай қалдым. Қазір енді 20 жылдыққа өзім де асығып жүрмін. Аман болсақ оған да барғым келеді. Өйткені, бәрібір бір партада 11 жыл бірге оқыдық, отырдық. Бастапқы қызықтарды бірге көрдік. Ал қазіргі қарым-қатынасымызға қатысты айтатын болсам, шыны керек әркімнің өзінің өмірі бар. Өз тіршілігі бар. Таң атады, күн батады. Зуылдап жатқан уақытта, ештеңеге үлгермейсің. Бірталайы ауылда, бірталай қыздарымыз тұрмыста. Алматыда сыныптастарым бар. Бірақ олармен жиі кездеспеймін», - дейді Бағлан Әбдірайымов.

Ал, Абай Бегей керісінше бірге оқыған қатарластарымен жиі жүздеседі. 1991 жылы мектепті тәмамдаған құрбы-құрдастар қолдары қалт етсе бетпе-бет кездесіп, арқа-жарқа болады екен. Әңгімесі таусылмаған сыныптастар өзара тақырыпты күнделікті WhatsApp  желісінде де жалғастыратын көрінеді.

«Бізде «Кластастар» деген чат бар. Біз «А» класында оқығанбыз. Содан кейін «Құрдастар» деген чат бар. Сол екі чатта бір-бірімізге хабарласып тұрамыз. Күнделікті кіруге тырысамын. Аман-саулықтарын біліп отырамын. Қандай жағдайлар, қандай жаңалықтар болып жатқанын біліп, күнделікті сол чатта сөйлесеміз. Биыл мектеп бітіргенімізге жиырма сегіз жыл болады», - дейді Абай Бегей.

«Melo’Men» тобы да сыныптастарымен күні бүгінге дейін тығыз қарым-қатынаста. Осыдан 15 жылдан астам уақыт бұрын мектеппен қоштасқан жігіттерді де дәл қазір байланыстырып тұрған – «Кластастар» чаты!  

«Ұялы телефонда «Кластастар» чаты өте қызықты. Әзіліміз әлі күнге дейін жарасқан. Күнделікті неше түрлі ақпараттар келіп жатады. Кейде ұрсысып, кейде татуласып аламыз. Қазір бізді көпшілік әнші деп сыйлап, құрметтеп жатса, сыныптастарға бәрібір. Мектеп кезіндегі лақап аттарымызды атап жатады. Оларға әншісің бе, әкімсің бе оларды қызықтырмайды. Сонысымен сыныптастармен араласқан қызық. Оқушы кездегі фотолардың барлығы сол сыныптастардан келіп жатады. Қызықтың барлығы сол сыныптастарда деп ойлаймын. Өйткені, өткен-кенді еске алып, расында жаның жай табатын сәттер болады», - дейді «Melo’Men» тобы.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр