"Сөмкесімен бірге алып кеткен": Дина Төреәлі екі бірдей бала күтушісінің үстінен шағым түсірді
Танымал блогер Дина Төреәлі бір күнде екі бірдей бала күтушісін жұмыстан босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Желі жұлдызы үйінен ақша ұрланғанын айтып, оқиғаны баяндап берді.
“Бір күннің ішінде екі бірдей бала күтушім өз орындарын босатты. Қысқасы, бөлмемнен көп суммада ақша ұрланды. Бірнеше миллион теңге еді. Не нәрсенің қалай болғанын айтып, жариялап, жағдайды ушықтырғым келмейді. Үй көмекшісінің де атын айтып, түстегім келмейді. Он бәленің тоғызы тілден деген. Бір бала күтушісінің тілінің ұзындығының кесірінен 102-ге хабарласуға мәжбүр болдым. Мен баламды босанып жүріп, ұйықтамастан тапқан еңбекақым еді. Дәл сол ақшада екінші ұлымның да еңбекақысы бар. Себебі перзентханада жатқан кезде де тынбай жұмыс істедім. Сөмкесімен бірге алып кеткен. Жақсы өмір сүргілерің келсе, жұмыс істеңдер. Біреудің дайын ақшасына қол сұқпаңдар”, – деп жазды блогер.
-
"Аяқасты ұшып келдік": Төреғали Төреәлінің қарындасы күтпеген мәлімдеме жасады
-
"22 жасымда мінген үшінші көлігім": Дина Төреәлі туған күніне келген ең қымбат сыйлықты көрсетті
Одан кейін блогер баласын қолының сұғанақтығы бар адамдарға тапсырғанына өкінетінін жеткізді.
“Білесіздер ме… Қолының сұғанағы бар адам менің шаңырағымда жүріп ақша ұрлағаны емес… Баламды сеніп тапсырып жүргенім үшін жүрегім ауырып, бойымды қорқыныш байлап кетті… Екеуінің қайсысы алғаны дәл қазір бір Аллаға мәлім. Ешкімге кінә артып, жала жаппаймын. Мен үшін хайырлы емес адамдарды жеңіл күйде менен және балаларымнан алшақтатқаны үшін Аллаға шүкір. Қасиетті Рамазан айында міне осындай жағдай. Алладан қорқып, ұялмаған адам басқаларды қайтсін? Ақша табылған жоқ. Менде осы істі соңына дейін апаруға, барлығының жүздеріне дейін көрсетуге мүмкіндік көп. Бірақ мен солай істеуге Алладан қорқамын. Адал еңбегіммен Алла маған ризық несібемді беріп отырса, әлі де береді. Мен сенемін. Ал ұрлаған адамды бір Аллаға тапсырдым. Қазір шетелдік бала күтушісін жалдадым", — деп жазды ол.
Еске салайық, "Байдың қызына сөйлемеңдер" деп Дина Төреәлі орынсыз сұрақ қойған оқырманына ренжіген еді.