Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы да қоқыс салынған әуе шарын жіберді
Корей Халық Демократиялық Республикасы Оңтүстік Кореяға тағы да қоқыс толтырылған әуе шарын жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі eadaily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: runews24.ru
Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтарының мәліметінше, әуе шарлары Кёнги провинциясының солтүстік бөлігіне жіберілген. Олар азаматтарға құлаған шарларға тиіспеуге, егер туып алса, полицияға хабарласуға кеңес берді.

Фото: Park Dong-joo/Yonhap/AP/picture alliance
28 мамырдан бері Солтүстік Корея әскерилері Оңтүстік Кореяға 2 мыңнан аса қоқыс шарын ұшырды. Олар Солтүстік Кореяның дефектор белсенділерінің КХДР-ға үгіт-насихат парақшаларын жіберуіне осылай жауап берген.
Бұған дейін Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяны жоюға заңды құқығы бар екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, Пхеньян мұны жасай алады, өйткені Сеул оның ынтымақтастықты қалпына келтіру әрекетінен бас тартқан.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі