Солтүстік Қазақстанда имамдар интернет алаяқтармен күресуге көмектеседі
Қазақстанның солтүстігінде интернет алаяқтармен күреске дін қызметкерлері тартылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: muftyat.kz
Енді мешіттегі имамдар намазға жиналған жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Полицияның айтуынша, осылайша дін қызметкерлері тұрғындардың алданып қалмауының алдын алады.
Тәртіп сақшылары егде жастағы адамдар жиі интернет алаяқтардың құрбаны болатынын айтады. Ал зейнеткерлер көп жағдайда алданып қалғандарын кеш түсінеді. Сондықтан мүфтият өкілдері Алла үйіне намазға келген жамағатқа алаяқтардың қолданатын түрлі тәсілдері туралы айтады. Сондай-ақ шығынға батып, күйзеліске ұшыраған азаматтарға моральдық қолдау көрсетеді.
“Интернет алаяқтар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу біздің заманымызда қажет. Кейбір алаяқтар мұсылмандардың қатарында "иә, бауырым ассалаумағалейкум" деген секілді терминдар арқылы адамдардың сеніміне кіріп, түбегейлі өз мақсаттарына қол жеткізуге тырысады. Көбіне сол бісмилла, ассалаумағалейкум, уағалейкум ассалам деген сөздерді, арабша сөздерді пайдаланып, адамдардың, әсіресе мұсылмандардың жамағаттарына жақын болуға тырысады”, – дейді Қызылжар мешітінің имамы Мұхаммед Абдулла.

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
