Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болды

Солтүстік Қазақстанда 30 жастағы ер адам анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жібермек болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels.com

Жантүршігерлік жағдай 10 қараша күні түс кезінде болған. Есіл ауданы Явленка ауылында тұрғын үйден өрт шықты. Өртке оранған үйден 53 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Кейін әйелдің өрт шыққанға дейін көз жұмғаны белгілі болды.

Марқұмның өліміне қатысы бар деген күдікпен оның Ресейде тұратын ұлы ұсталды. Ол жақында ғана анасының үйінде қонақта болған екен.

"Есіл ауданы Явленка ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып, жағдайлар анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті.



Болжам бойынша, ер адам ашу үстінде анасын ұрып, өлтіріп алған. Кейін қылмысын жасыру үшін үйге өрт қойған.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында анасын өлтірді деп күдікке ілінген ер адамға қатысты сот отырысы басталған еді.

Талқылау