СҚО-да құс фабрикасында жұмысшының қолы аппаратқа қысылып, ауыр жарақат алды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы құс фабрикасында апаттық жағдай болды. Жұмыс кезінде қызметкердің қолы жабдыққа кіріп қысылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Qazaqstan Media порталының дерегінше, оқиға 22 ақпан болған. Ер адам иық сүйегінің ашық сынуымен ауыр жарақат алған.
Дәрігерлердің бағалауы бойынша, зардап шеккен адамда травматикалық шок болған. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.
“Ауыл тұрғыны жедел түрде көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін