Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстікке көшкен азаматтар неге Оңтүстік Қазақстанға қайтып жатыр

Қазақстанның солтүстігіне қарай халықты ерікті түрде қоныс аудару аясында қанша адам көшкенін және олардың неге оңтүстікке қайтып кеткенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Абылқасымова түсіндіріп берді. 

“Өткен жылы 19 адам оңтүстікке қайта көшті, себептері әр түрлі: климат жақпады, салқын ауа-райы денсаулығына зиян келтірді т.б”, – деді министр.

Сонымен қоса, олардың көшуіне жұмсалған қаржыны қайтарудың қажеті жоқ. Себебі, бұл қаржы қайтарымсыз болатын, деп хабарлайды Stan.kzSputnik Казахстанға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығында жұмысшылар тапшылығы бірнеше ондаған мың адамды құрайды. 

Өткен жылы 3,8 мың отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударған, бұл 2016 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Биыл тоғыз мыңға жуық адамды немесе шамамен 4,5 мың отбасын көшіру жоспарланған.

Айта кетейік, Парламент бүгін халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері туралы заң жобасын қабылдады.

Енді жергілікті квота некедегі азаматтарға ғана емес жеке тұлғаларға да беріледі.

Тағы оқыңыз:

Пәтерін жыныстық қызмет көрсететіндерге жалға берген астаналық әйелге айыппұл салынды

Шымкентке республикалық маңызы бар қаланың мәртебесі берілуі мүмкін

Талдықорғандағы Даңқ ескерткішінің алдында билеген қыздар жазаланатын болды

Ел ішінде қоныс аударатын бойдақ қыз-жігіттерге мемлекет көмектесетін болды

 

Талқылау