Солтүстік Корея Трамптың Бас Ассамблеядағы сөйлеген сөзіне жауап ретінде сутегі бомбасын жармақшы
АҚШ президентін суқаны сүймейтін Ким Чен Ын бұл әрекетті өзіне қарсы соғыс ашу туралы мәлімдеме жасалғандай қабылдапты, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Қаны басына шапқан Ким Чен Ын Трампты “алжыған шал” деп атап, оған енді оқпен жауап қайтаратындығын мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, Солтүстік Корея Тынық мұхитында жойқын жарылғышты сынақтан өткізбекші. Бомба туралы ақпаратты сыртқы істер министрі Ли Ён Хо да растап отыр. Десе де, Доналдь Трамп та қарап қалмады. Бомбамен қорқытып, “алжыған шал” деп келеке қылған Ким Чен Ынның өзін Трамп “есі ауысқан” деп Твиттеріне жазып жіберді.
Жазбаға санаулы минуттардың ішінде 21 мың адам лайк басып шыққан. Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясы мінберінде сөз сөйлеп, онда Солтүстік Корея жұртқа қоқан-лоқы көрсетуін тоқтатпаса, жер бетінен жойып жіберетіндігін мәлімдеген. Әрі осы отырыста бірқатар алпауыт елдер Пхеньянмен ара-қатынасты біржолата үзіп тынған болатын. Атап айтқанда, Қытайдың Орталық банкі Солтүстік Кореямен қаржылық операцияларды доғарып, ал Жапония болса, жұмысшыларына виза беруді қойды.
Жіберіп алмаңыз:
Арабиялық әуе компаниясы әлемде алғаш рет ұшақты екі жатын кереуетімен жабдықтады (видео)
Әлемдегі ең бай әйел дүниеден озды
Тәжікстанда тура той басталар алдында билік тамақтарды тәркілеп әкетті
Дональд Трампқа пародия жасаған актер айтулы жүлдеге ие болды (видео)