Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сол жақ омырауым жоқ": "Мисс Қазақстан" байқауының қатысушысы бала күнінде күйіп қалғанын есіне алды

Далида әнші Фото: https://www.instagram.com/dalida.naukenova/

“Мисс Казахстан” жобасының қатысушысы, әнші Далида Нәукенова бала күнінде қатты күйіп қалған сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар қаласында дүниеге келген өнер иесі 6 жасында ыстық сорпаға күйіп қалған. 

“1996 жылы 6 жасымда күйіп қалдым. Ата-анама еріп, қонаққа бардым. Сол үйде болған жағдай. Мен ас үй бөлмесінде отырдым. Газ плитасының үстіндегі бір қазан сорпа үстіме төгілді. Қызғылт түстес киім болғаны әлі күнге дейін есімде. Анам мені қайта-қайта қонақ бөлмеге шақырып, сорпаға күйіп қалатынымды ескертті. Айтып ауыз жиғанша оқиға болды. Бірден үстімді маймен сылады. Негізі, олай жасауға болмайды екен. Жедел жәрдем келіп жатқанда есімнен танып қалдым. Екі апта комада жаттым. Денемнің 50 пайызын күйік шалды. Бала болғасын көп нәрсені түсінбедім. Бірақ ауруханадан шыққасын бәрі бітеді деп ойладым. Бірақ бәрі сол емделіп шыққаннан кейін басталды”, – деді Далида “Мамский әңгіме” подкастында. 



Өнер иесінің сөзінше, күйіктің деңгейі жоғары болып, ақтарынан тері алып, кеудесіне жабыстырған. 

“Бала күнімде достарым мазақ ететін. “Өртенген қыз” деп айтатын. Күйіктің қатты болғаны сонша сол жақ кеудем өспей қалды. Жасөспірім шақта бір жақ омырауымның жоқ екені білініп тұратын. Бәрі маған қарайтын. Тіпті, жазда қалың киініп, кең көйлектер киіп жүретін едім. Тәнімнің ерекшелігін қабылдай алмадым. Омырауымды жасыру үшін бүкірейіп жүретінді шығардым. Адам қатарына жатқызбадым. Тіпті, тұрмысқа шығуға лайықсыз көрдім.  35 жасымда ғана өзімнің тәнімді қабылдап, суға түсетін киіммен фотоларымды сала бастадым”, – дейді сұлулық байқауының қатысушысы. 

Еске салайық, Далида тұрмысқа шықпай тұрып, қатерлі ісікке шалдыққанын жазған едік.  

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 15 Тамыз, 2025 18:11
Талқылау