"Сол құлағына сырға тақпа": Қарақат Әбілдина оқырмандарынан кеңес сұрады
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қарақат Әбілдина тылсым дүниеге тап болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/
Өнер иесінің айтуынша, қызы Аяланың құлағына таққан сырғалары жоғалып кете беретін болған.
“Аяланың айтқанына таңғалып, таң-тамаша болып отырмын. Аяланың құлағын 7 жасында тесіп, сырға таққанбыз. Бұл не нәрсе, достар? Мына сол құлағындағы сырғасы төртінші рет жоғалып отыр. Оң құлағы емес, сол құлағындағысын таба алмай қаламыз. Жайшылықта ол сырғаны шешу мүмкін емес, әрең тағатынбыз. Оңай шешілмейді. Аяланың құлағын ұстап, ойнайтындай әдеті жоқ. Сонда бұл қалай болғаны, мұны қалай түсінсем екен. Қорқайын деп отырмын. Шокта болдым", – деді әнші.
-
"49 жасында алғаш ана атанған": Қарақат Әбілдина ерекше баланың тұсауын кесті
-
"150 миллион шығынды өзім төлеймін": Қыдырәлі Болман "Ұлытау" тобының 25 жылдығын атап өтпек
Желі қолданушылары мен елге белгілі азаматтар түрлі пікір жазып, ұсыныстарын айтып жатыр.
“Тіл-көз өткеннен, сырға жоғалады”, “Уайымдамаңыз, орны толатын дүние”, “Менің де бір сырғамның бір сыңары жоғалып қала береді”, “Кішкентай күнінен көп салдыңыз, тіл-көздің бары рас”, “Садақаны көп беріңіз”, “Сол құлағына сырға тақпай-ақ қойыңыз. Бұрын әжем бір құлағыма ғана сырға таққан. Сондай ырым бар екен”, – деп жазды тыңдарман қауым.
Еске салайық, Қарақат туған күнінде көк орамал таратып, сынға қалған еді.