"Сол баяғы жемқорлық": Тәуекел Мүсілім Париж Олимпиадасына қатысты пікір білдірді
Танымал актер Тәуекел Мүсілім Париж Олимпиадасындағы Қазақстанның аз алтын алғанына күйінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/mussilim/
Өнер иесі жолымыздың болмағанына елдегі жомқорлықты айыптады.
“Не дейміз енді... Сол баяғы жемқорлық, сол баяғы тойымсыздар. Ал өзбек ағайындарды шын жүректен құттықтаймын", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар отандық киножұлдыз Қазақстан мен Өзбекстанның Олимпиададағы нәтижесін де салыстырды.
Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан 41-орында, ал Өзбекстан 13-орында тұр. Ал бюджеттен бөлінген шығын көрші өзбек елінде 160 миллион доллар болса, біздің елімізде 660 миллион доллар.
Айта кетейік, Ұлттық Олимпиада комитетінінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады. Франция астанасында өткен спорттық жарыстарда біздің спортшылар жеті медаль жеңіп алды.
Жалғыз "алтынды" дзюдошы Елдос Сметов алды. Ол 60 келі салмақта өнер көрсеткен еді.
Үш рет қазақстандықтар жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Олимпиаданы күміспен аяқтады.