Соғыс ардагерлерін Ұлы жеңіс күнімен құттықтаған Қайрат Нұртастың балалары жұртты сүйсіндірді (фото, видео)
Күні кеше қазақстандықтар Ұлы жеңістің 73 жылдығын тойлады. Айтулы күнге орай танымал хитмен Қайрат Нұртастың балалары соғыс ардагерлерін арнайы құттықтап қайтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Игі бастаманы әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова қолға алған.
“Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы отан соғысы ардагерлерін Жеңістің 73 жылдық мерей тойымен балалармен бірге құттықтап, баталарын алудың өзі бір бақыт деп білемін. Тек ғана бір күн емес, мәңгі есімізде болсын! Жалпы бұл шара жиі болып тұрғаны дұрыс, себебі қазіргі жастардың бойында үлкендерге деген құрметті арттырып, ардагерлерді ардақтауға шақырады. Қазақ елі Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
Қан майданда Жеңіске жетіп, бізге бейбіт заманды сыйлаған соғыс ардагерлермен жүздесіп, көзін көру бір қуаныш. Батырлар бізге басынан өткен оқиғаларын айтып еске алған кезде, бойым суып, көзге еріксіз жас келді. Ардақты ардагерлерге мың алғыс!” – деп кездесуден алған әсерімен бөлісті ол желідегі парақшасында.
Бұл орайда желі қолданушылары үлкенді ардақтап, ардагерлерге құрмет көрсеткен Қайраттың отбасына ризашылықтарын жеткізді.
“Осындай иманды балапандарды тəрбиелеп отырған сіздердің жанұяларыңызға басымды иемін. Ботақандардың қызығын көріңіздер”, – дейді Шарбану Көбеева есімді желі оқырманы.
“Ма ша Аллаһ, балаларыңызға өте керемет тәрбие бергеніңіз көрініп – ақ тұр! Алла тағала тіл мен көзден сақтасын! Балапандарыңыз аман болсын!” – деп ақ тілегін жолдады Ләйлә Дүзелбайқызы.
Тағы оқыңыз:
“Тек қана қыздар” командасындағы Мереке өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)
Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті (фото, видео)
Соғыс ардагерінің үйіне барып ән шырқаған Гүлнұр Оразымбетова қарияны жылатып алды (видео)