"Соғысты доғару керек": Зеленский Ресейге тұтқындарды айырбастауды ұсынды
Украина президенті Владимир Зеленский Балидегі "үлкен жиырмалыққа" (G20) қатысушыларға бейнебаянында жойқын соғысты тоқтататын уақыт келді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Украинская правда” сайтына сілтеме беріп.

Зеленский соғысты тоқтатудың маңыздылығын атады.
"Ресейдің жойқын соғысын тоқтату керек және оны тоқтататын уақыт туғанына сенімдімін", – деді Зеленский.
Сондай-ақ, Зеленский өз үндеуінде Ресеймен тұтқындарды толық айырбастауды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, Индонезияның Бали аралында жыл сайынғы "Үлкен жиырмалық" елдер көшбасшыларының саммиті өтуде. Саммитте әлемдік көшбасшылар COVID-19 пандемиясынан туындаған жағдайлар мен өзекті жаһандық мәселелерді, сондай-ақ, жаһандық тұрақты және инклюзивті өсу үшін экономикадағы күш-жігерді талқылауға ниетті.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"