Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғыстан кейін үнемі аш болдым": Назарбаев балалық шағының қиын кезеңдері жайлы айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев режиссер Оливер Стоун түсірген "Qazaq: Алтын адамның тарихы" деректі фильмінде өзінің балалық шағы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаев

"Мен барлығы неден басталғаны туралы ойланамын. Мен – білімі жоқ шаруалардың баласымын. Менің атам да көшпенді болған, бірақ олар орыстардың көпшілігі қоныстанған Қазақстанның оңтүстігінде тұрғандықтан, олармен етене араласып, егіншілік пен бақша егуді үйренген", - дейді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті әкесі мен шешесі колхозда жұмыс істегенін айтып өтеді. Анасы егіншілік басында қант қызылшасы алқабында еңбек еткен.

"Ол кезде барлығы қолдан жасалынатын еді, біз барлық балалар анамызға көмектесу үшін баратынбыз. Ол кезді ұмыту мүмкін емес. Қатты ыстық күннің астында тас пен құмнан тұратын алқапта отырамыз. Кез келген жерден ыстық соғады. Егер колхозда егін көп шықса, қырманда тер төккендерге бірнеше қап бидай немесе басқа өнім беріледі", - деп еске алады ол.

Нұрсұлтан Әбішұлы соғыс жылдарынан кейін үнемі қарны ашып жүретін уақыт жайлы тоқталып өтеді.



"Қарным ашқан кездерді ешқашан ұмытпаймын. Әлі күнге дейін есімде соғыстан кейін үнемі қарным ашып жүретін. Мектепке барарда менің ағам сөмкеме екі алма салып жіберетін. Бұл менің мектептегі түскі асым еді. Біз төрт ағайынды едік. Сол уақытта қалай өмір сүргенімізді қазір түсіне алмаймын. Барлығының жағдайы сондай еді. Кеңес Одағының барлық колхозшыларының", –  дейді Елбасы.

Назарбаев өзінің жақсы оқығанын атап өтеді. Бұл туралы оған анасы ылғи айтып отырған.

"Әкем маған: "Жұмыс істе. Бұл кітаптар саған не береді? Одан да барып сиырларды бағайық" дейтін. Ал мен оқуды жақсы көрдім. Мектепті медальмен бітірдім, бірақ оқуға бармадым. Мен ақша тауып, отбасыма көмектескім келді. Осылайша мен металлург болдым", - дейді алғашқы президент.

Назарбаев кейіннен Теміртаудағы зауытта жұмыс істеу үшін Украинада металлург болуды үйренген.

"Зауытты іске қосып, жұмыс істей бастадық. Мен әрі жас әрі мықты едім. Бұл қазақ даласынан келген жігіт үшін ауыр жұмыс еді. Судай ағып жатқан металды көру біз үшін қорқынышты көрінетін. Температурасы 1500 градус тең болады, ыстық, газ шығады. Ал мен халатымды киіп күрек ұстап тұрамын. Сөйтіп, үш жыл үздіксіз еңбек еттім. Мен үздік болып, өзімді көрсетуге тырыстым. Содан кейін партияға қабылдады", - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Талқылау