Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Смартфоныңыздың қуатын ұзағырақ сақтауға көмектесетін 10 қулық

Бүгінгі таңда өмірді ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Себебі, ұялы телефон арқылы жақындарыңызбен тілдесіп, жаңалықтар оқып, музыка тыңдап, ойын ойнап, фильм көріп, бірнеше сағат бойы интернетте отырасыз. Бірақ, осылардың барлығы телефон қуатын жылдам шығындайды.

Бұл туралы Adme.ru басылымы жазды.

Олай болса, телефонымыздың қуатын ұзағырақ сақтауға көмектесетін қулықтарды біле жүрейік.

1. Қуаттауға арналған портты тазаламайсыз

Ұялы телефоныңызды тазалап отыруды ұмытпаңыз. Тек экран емес, қуаттағышты қосатын тесігін де тазалап отырыңыз. Ол жерге қалтадағы шаң-тозаң жиналып қалуы мүмкін. Тазалау үшін тіс шұқығышты пайдалануыңызға болады.

2. Экранына жарқын түсті сурет қоясыз

Уақытты, келген хатты, қоңырауларды тексеру үшін телефонды қайта-қайта іске қосасыз. Осы кезде жарқын түсті картина да жарық бөліп, қуатты шығындайды. Сол себепті, қара-ақ түсті суреттерді ғана пайдаланғаныңыз жөн.

3. Телефоныңыз қолыңыздан түспейді

Күн ыстық кезде телефонды қолыңызға алмауға тырысыңыз. Жоғары ауа температурасы сіздің алақаныңызды жылытады. Ал ыстық алақаныңыз батарея қуатының төмендеуіне алып келеді.

4. Экранның автоматты бұрылу қосымшасын қосып қойғансыз

Осы қосымшаны сөндіріңіз. Оны тек қажет кезде ғана іске қосыңыз. Аталған қосымшаға акселерметр жауап береді. Ал ол өз кезегінде электр энергиясын шығындайды.

5. Экрандағы бағдарламалар іске қосылған

Адамдар инстаграм, мессенджер сынды қосымшаларды іске қосып, олардан шығуды ұмытып кетеді. Осының салдарынан қуат шығындалады. Сол себепті, оларды әр кез жауып отыруды ұмытып кетпеңіз.

6. Экранның жарығын ең жоғары деңгейге қойып қойғансыз

Ғимарат ішіне кірген кезде экранның жарығын 30–40%-ға төмендетіңіз. Әдетте осының өзі телефондағы бағдарламаларды көруге жеткілікті. Мұнымен қатар, сыртта жүрген кезде де “көшеде” деген арнайы режимді пайдалануыңызға болады.

7. Вибрацияны қосып қоясыз

“Виброқоңырау” функциясы қуаттың төмендеуіне алып келеді. Сол себепті, оны тек керек кезде пайдалануға тырысыңыз. Басқа кездерде “дыбысты немесе дыбыссыз” режимін пайдаланыңыз.

8. Автобұғаттауды пайдаланбайсыз

Экран белгілі бір уақыттан кейін өздігінен өшкені дұрыс. Ал бұғаттау үшін ең аз мерзімді пайдаланыңыз.

9. GPS, Bluetooth және Wi-Fi функцияларын қосып қоясыз

GPS, Bluetooth және Wi-Fi сынды қосымшалардың арқасында телефонның қуаты тез таусылады. Сол себепті, оларды қажеті жоқ болған кезде өшіріп қойыңыз.

10. Телефонды сөндірмейсіз

Күндіз болмаса да, түнгі мезгілде телефонды сөндіріп қойған жөн. Мұнымен қатар, осылайша өзіңізді қажетсіз ақпараттан сақтандырасыз.


Жіберіп алмаңыз:

160 килограммға арықтаған бойжеткен жұрттың мазағына айналды (фото)

Канадалық аюларды үйінен сыпайы түрде шығарып салды (видео)

14 баланың 44 жастағы анасы өз еңбегімен миллионер атанды

Британияда “ақылды” секс-қуыршақтар сатылымға шығарылды (видео)

Талқылау