Словенияда сыра атқылап тұратын фонтан салынады
Словенияның 5 мың ғана адам мекен ететін кішігірім ғана Залец қалашығында су емес, сыра атқылайтын фонтан салынғалы жатыр.
Сурет: turist.delfi.ee
Сыра бұрқағын салудағы негізгі мақсат – саяхатшыларды тарту. Олар аз ғана ақша төлеп, словян сыраларынан түрлерінен дәм тата алады.
Сыра фонтанын орнату 400 мың долларға есептелген. Бұл қаражаттың жартысын жергілікті кәсіпкерлер төлесе, жартысы тұрғындардан жиналмақ.
Талқылау