Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Слекишинаның сәбиінің әкесі тоғыз жылға сотталды

Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотында түрмедегі Наталья Слекишинаның ісіне қатысты айыпталушыға үкім шықты.

20160930113655

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сот үкімімен ЛА-155/18 Қылмыстық атқару жүйесі тергеу абақтысының бұрынғы қызметкері Руслан Хәкімов 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды. Ол жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, ол әділет майоры шенінен айырып, өмірбойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасауына тыйым салды.

Айта кетейік, Руслан Хәкімовке қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотына 26 шілдеде түскен.

Басты күдікті Руслан Хәкімовке ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-ші бабы 4-ші тармағының 1-ші бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) және 120-шы бабы 2-ші тармағының (зорлау) 4-ші бөлігінде (әлденеше рет) қарастырылған құқық бұзушылықтарды жасаған деген айып тағылған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары 25 шілдеде аяқталған.

Еске сала кетейік, сотталушы Наталья Слекишина биыл шілде айының басында қамауда зорланғанын, содан жүкті болып, босанғандығын жария еткен болатын. Оның айтуынша, түрме басшылығы алғашында зорлау туралы істі жасырмақ болған. Алайда, сараптама қылмыстық іске қатыстылардың бірінің нәрестенің әкесі екенін растады.

Зорлау оқиғасы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Слекишинаның айтуынша, оны осы мекеменің төрт қызметкері зорлаған.

Н.Слекишина түрмедегі мерзімін қысқартуды сұрап Алмалы сотына өтінгенін оның адвокаты Айман Умарова бұған дейін хабарлаған болатын. Айта кетейік, Н.Слекишинаның өзі азаматтық некедегі күйеуінің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталып, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыздар:

Танымал әзілкештер түрік сериалына пародия жасап “Сұлтан Сүлейман брат” киносын түсірді (видео)

Жамбыл облысында бүтін бір аудан ішімдіктен бас тартты

Мектеп мұғалімдері білім жүйесіндегі былықтарды ашық айта бастады (видео)

Талқылау