"Скрининг жазбасын растап, код айтуды сұрайды": Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға жаңа алаяқтық туралы ескертті

Фото: Freepik.com
Денсаулық сақтау министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті. Мәлімдеулерінше, әлдекімдер скринингтік жазбаны растасын деп код сұратады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік азаматтарды скринингтік зерттеп-қарауларға шақырумен байланысты алаяқтық жағдайлар туралы ескертеді. Олар медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, СМС-тен кодты жазып, скринингтік жазбаны растауды сұрайды.
Талдықорғандық блогер алаяқтың әрекетін әшкерелеймін деп айыппұл арқалады
Скрипкашы Айман Мұсаходжаева ректорлық лауазымын қайтаруға көмектесемін деген алаяққа сеніп қалған
“Ешқандай мемлекеттік медициналық мекемелер SМS-код арқылы жазбаны растауды талап етпейтінін атап өтеміз. Мұндай кодтар цифрлық қызметтерге кіру немесе операцияларды растау үшін қолданылады және оларды үшінші тұлғаларға мүлдем беруге болмайды”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді