Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектепте оқушыны пышақтап кеткен

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжан ауылындағы мектепте жасөспірім пышақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жараланған оқушы облыстық ауруханаға жатқызылды.

Ол қазір хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр, жарасы тігілген.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің анықталғанын, оның да кәмелеттік жасқа толмағанын хабарлады.


Павлодарда сыныптасы мен мұғалімді жарақаттаған оқушы жауапкершіліктен босатылып, емдеуге жіберілді


"Қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ол ата-анасының кепілдігімен босатылды. Қазір күдіктінің жасы ескеріліп, оның ата-анасы жауапқа тартылуда", – делінген хабарламада.

Жасөспірім профилактикалық есепке алынып, құжаттары кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Еске салсақ, Қызылордадағы мектепте оқушы бұрыш спрейін шашып, 20-дан астам оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген еді.

Талқылау