Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-дағы ауруханалардың бірінде жаңа босанған әйел көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында жаңадан босанған жас келіншек коронавирустан өкпесі толық зақымданып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 32 жастағы әйелдің денсаулығына байланысты шұғыл түрде босанғанын мәлімдеді. Босанғаннан 10 күн өткенде келіншек көз жұмды. 

"Өлім себебі коронавирустық инфекциядан туындаған пневмония болды. Көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімшесі жағдайында толық көлемде жүргізілген емдік-диагностикалық іс-шаралар кешеніне қарамастан, босанғаннан кейінгі кезеңдегі жүкті әйелдің өкпесі толық зақымданды. Оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Әйел коронавирусқа қарсы вакцина алмаған”, - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері өңірде 646 жүкті әйелде коронавирус анықталды, оның 203-і ауыр пневмониямен ауырған. Олардың 58-і жасанды тыныс алу аппаратында ауыр халде жатыр.

"38 жағдайда денсаулығына байланысты кесарь тілігі арқылы ерте босану қажет болды. Үш жаңа туған нәресте тиісті деңгейде жетілмегендіктен шетінеп кетті", - деп қосты баспасөз қызметі.

Талқылау