Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да төрт адам донер жеп уланып қалды

донер жеп уланып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл стадионында сатылған донерден төрт адам уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданындағы аудан орталығында өтіп жатқан "Жастар-2025" облыстық спартакиадасы кезінде болған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл фактіге байланысты тергеу басталды.

"Мағжан Жұмабаев ауданында үш бала мен бір ересек адамнан тағамнан улану оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы 8 тамызда Булаев қаласындағы стадион аумағындағы сауда нүктесінен донер жеген. Мағжан Жұмабаев ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармасы тағамнан улану фактісі бойынша тергеу жүргізуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

СЭС мәліметінше, эпидемиологиялық зерттеу жүргізу үшін барлық қажетті сынамалар алынды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы уланғандардың барлығы Петропавлдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын хабарлады.

"Барлық науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта, оң динамика байқалады", – деп қорытындылады басқарма.

Назархан Уән
Жексенбі, 10 Тамыз, 2025 12:51
Талқылау
`