Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да көмір жеткізетін 4 компанияға қатысты тексеру басталды

СҚО-да табиғи монополияларды реттеу департаменті көмір тасымалдайтын 4 компанияны тексеруді бастады. Олар Қазақстанда орын алған көмір тапшылығын пайдаланып, бағаны негізсіз көтерген. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Монополияға қарсы департамент бұрын-соңды дәл көмір бағасына қатысты ешқандай тексеру жүргізбеген екен. Осы жолғысына елімізде қатты отын нарығында қалыптасқан жағдай себеп болыпты. Көмір тапшылығын пайдаланған солтүстікқазақстандық 4 фирма бір-бірімен сөз байласып, оның бағасын негізсіз өсірген.

Мысалы, халық арасында сұранысқа ие Шұбаркөл көмірінің бір тоннасы осыдан екі жыл бұрын он мың теңгеге де жетпейтін. Есесіне былтыр ол бірнеше рет қымбаттап , тоннасы 15 мың теңгеден асып түскен. Мамандар бұл компаниялар арзан кезінде алынған көмірдің қоймадағы қалдығына да бағаны негізсіз 20-30 пайызға дейін көтерген дейді.

«Олар бір емес, бірнеше рет өзара келісіп бағаны өсірген. Біздің тарапымыздан тексеру заңға сай 3 айға созылады. Егер олардың бағаны негізсіз өсіргені расталса, заңсыз тапқан пайдасының үш пайызы көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін», – дейді СҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы Гүлнар Жаншина.

Тағы оқыңыз:

Жамбыл облысында 7 отбасы тұратын ауыл халқы айдалада қалды

Бурабай курорты шетелдік инвесторларға берілуі мүмкін

Астана білім басқармасы жоққа шығарды: Пәтер суықтығынан балаларын жетімдер үйіне өткізген оқиға

Байзақованы жер-көкке сыйғызбай мақтаған Димаш Ниязов жұрттан сөгіс естіді

Талқылау