СҚО-да ауыл тұрғындары әкімдікті күте алмай, жолдарды өздері жөндеді

Видеодан скриншот
Солтүстік Қазақстандағы ауыл тұрғындары үкіметті күте алмай, жолдарды өздері жөндеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Майбалық пен Таман ауылдары арасындағы жол қыстан кейін нашарлап кеткен. Тұрғындар ойық әрі шұңқыр жолға наразы. Өйткені мұндай жол шиналарды бұзады.
Үкіметтің уәдесін күтіп шаршаған тұрғындар мәселені өз қолдарына алып, жолды өздері жөндеуді шешті.
Бір топ ауыл тұрғындары жүк көліктерін әкеліп, өз қолдарымен жолдағы шұңқырларды толтырды.
Видео желіде тарағаннан кейін ауыл әкімшілігі ресми жауап берді. Шенеуніктер жағдайдың бақылауда екенін және бұл негізі бірлескен жұмыс екенін мәлімдеді.
“Тамановское-Майбалық жолы Майбалық ауылшаруашылық фирмасы қиыршық таспен толтырды. Директор М.А.Ғабдулин мәселені жедел шешу үшін жабдықтар мен материалдармен қамтамасыз етті. Тұрғындар жолды толтыруға белсенді түрде қолдау көрсетті және қатысты”, – деп хабарлады Таман ауылдық округінің әкімдігі.
Алайда видео авторы ауыл тұрғындары осы учаскедегі жолды өздері жөндегенін айтқан еді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды