СҚО-да 14 жастағы қыз зорлыққа ұшырады
15 ақпанда СҚО-да Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жастағы қызды 23 жастағы тұрғын зорлаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабар Мағжан Жұмабаев ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне түскен.
“Аталған факті ҚР ҚК 120-бабы 1-тармағының 3-1-бөлігі "Зорлау" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Булаев қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады”, – деді ведомство.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген