СҚО әкімі боксшы Жанат Жақияновқа үш бөлмелі пәтер сыйлады
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерік Сұлтанов кәсiпқой боксшылар арасында WBA (Super) мен IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атанған Жанат Жақияновты жеңісімен құттықтап, үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті.
Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Фролова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.
“Жерлесiмiздiң жеңiсi Қазақстанның кәсiпқой рингте титулдар бойынша әлемнiң үздiк 5 елi қатарына кiруге мүмкiндiк бердi. Шынымен де әлемдiк спорт аренасында елiмiздiң беделiн арттыруда Жанат үлкен үлес қосты, Жанаттың көрсеткен жетiстiктерi өсiп келе жатқан жеткiншектер үшiн айқын мысал болып отыр”, — дедi Ерiк Сұлтанов.
Сондай-ақ, кездесуде чемпионды жеңiсiмен спорт ардагерлерi Жамбыл Тасменов пен Александр Мерк құттықтады. Жоғары спорттық көрсеткiштерi үшiн, сондай-ақ, кәсiпқой боксшылар арасында WBA (Super) мен IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атанған Жанат Жақиянов қаржылай сыйақымен марапатталды. Өз кезегiнде Жанат Жақиянов облыс әкiмiне алғысын айтып, 11 ақпан күнi Толедо қаласында Роуши Уорренмен бокстасқан жекпе-жектегi қолғабын сыйлады.
Жіберіп алмаңыз:
Жанат Жақиянов соңғы жекпе-жекте қалай жеңіске жеткенін айтып берді
Василий Левит аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді